Ойын арқылы кәсіп әлеміне
30.10.2026
2026 жылғы 30 қазанда мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің аудандық отырысы өтті. Отырыс аясында «Алтын бесік» бөбекжайының мектепалды тобының тәрбиешісі Шаймерденова Самал Кайратовна «Ойын арқылы кәсіп әлеміне» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлістіСамал Кайратовна республикалық «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды таныстырды. Атап айтқанда, бөбекжайда жұмыс істейтін жеті шеберхананың қызметі және зергерлік шеберхана негізінде жүзеге асырылып жатқан «Қолдан шыққан қазыналар» атты ұзақ мерзімді жобаның мазмұны ұсынылды. Тәжірибе алмасу барысында балаларды зергер мамандығымен таныстыру, ұлттық әшекей бұйымдарын жасау, «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары мен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын тәжірибеде іске асыру жолдары таныстырылды. Атап айтқанда, балалардың бойында жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыру, белгіленген мінез-құлық ережелерін сақтау, шеберханада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау мәселелері қамтылды. Сонымен қатар балаларды ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарға баулуға бағытталған ата-аналармен, «Әжелер мектебі» , «Аналар мектебімен» және «Әкелер мектебі» өзара ынтымақтастық жұмыстарымен таныстырылды. Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, ерте жастан еңбек тәрбиесін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін таратуға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісіндегі озық тәжірибелерді насихаттауға мүмкіндік берді.