«Қазақстанға саяхат»
«Адал азамат» бағдарламасы аясында Республика күні мерекесін атап өту жоспарына сәйкес «Жұлдыз» ортаңғы тобында «Қазақстанға саяхат» тақырыбында танымдық саяхат сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – балалардың Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында балалар «пойызбен» «Менің елім», «Мемлекеттік рәміздер», «Қазақтың ұлттық үйі», «Ұлттық аспаптар», «Табиғаты» станцияларына қызықты саяхат жасады. Олар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерімен, киіз үймен, домбырамен, ұлттық дәстүрлермен, еліміздің табиғаты және жануарлар әлемімен танысты. Практикалық бөлімде балалар үлкен қызығушылықпен ұжымдық жапсыру жұмысын орындады.
Сабақ қызықты әрі танымды өтті. Балалар Қазақстан туралы білімдерін кеңейтіп, белсенділік пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті, туған еліне деген мақтаныш сезімін сезінді.


