«Дәрумендер әлемі»
28.10.2026
«Ақ бұлақ» ортаңғы тобы
Ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен «Дәрумендер әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-әрекеттің мақсаты – балаларға жемістердің адам денсаулығына пайдасы туралы түсінік беру, дәрумендердің маңызын ұғындыру, жемістердің атауларын, түсі мен пішінін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар балалардың өз бетінше әрекет етуіне, ұқыптылыққа және бірлесіп жұмыс жасауына ықпал ету.
Іс-әрекет барысында бүлдіршіндер жемістерден салат дайындап, өздерінің танымдық қызығушылықтарын арттырды.
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі!
Тәрбиеші:Сураухан М