Текст
«Зерек бала» ересек тобында Қазақстан Республикасының күніне арналған іс-шара өткізілді.
22.10.2026
Іс-шара барысында балалар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін еске түсіріп, еліміздің астанасы – Астана қаласы туралы әңгімелесті. Балалар әңгімеге қызығушылықпен қатысып, жұмбақтар шешіп, туған өлкесі туралы өз білімдерімен бөлісті.
Іс-шара мектеп жасына дейінгі балалардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға және Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етті. 🇰🇿
Тәрбиеші: Караулбекова Б. С.
Просмотров: 118